Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүрегіне ине қадалған сарбазға дәрігерлер көмектесе алмай отыр

Жүрегіне ине қадалған сарбазға дәрігерлер көмектесе алмай отыр

Отан алдындағы борышын өтеп жүріп жүрегіне ине қадалған сарбазға енді астаналық дәрігерлер де көмектесе алмай отыр. Дәрігерлер жауынгердің ішіндегі инені алып тастауға асықпау керек дейді. Ал, отадан кейін жуырда ғана ант қабылдаған Самат тіпті, әскер қатарынан шығып қалуы мүмкін екен.

Бұл туралы 31 арна хабарлады, деп жазады Stan.kzақпараттық агенттігі.
Самат ішіндегі ине дем алып қалғанда кіріп дейді. Оның сөзінше, полигонда тәуліктік кезекші болып жүргенде құлап, бас киімдегі 2 ине кіріп кеткен. Содан жауынгер Ақтаудағы ауруханаға жеткізіліп, артынша оған ота жасалған. Алайда, дәрігерлер сарбаздың ішіндегі инені таба алмады. Қазір иненің біреуі кеуде тұстағы ет пен терінің арасында болса, екіншісі жүрекке жақын тұр екен.
«Орнымнан тұра алмай қаламын, қысылып қалады. Түшкіре алмай қаламын. Сол кезде ауырады қатты. Қозғала алмаймын. Жүрегім шығып кететін сияқты. Сондай болып тұрады»,-дейді ішіне іне кіріп кеткен №41433 ә/б жауынгері Самат Нұржақожаұлы.
Ішіне іне кіріп кеткен сарбаз осыдан 3 күн бұрын Астана ауруханасына ұшақпен жеткізді. Бірақ, астаналық дәрігерлер де инені алып тастауға асығатын емес. Олар тіпті, «Самат әскерден босатылады» деп, онсызда  жандарын шүберекке түйіп жүрген ата-анасының күдігін одан сайын үдете түскен.
«Қайтып әскерін жалғастыра ма?» деп едім, «Жоқ, баланы қайтарамыз, болды» деді. Сонда жүректе қадалып тұрған инемен мына жерден «үф-сүф» деп шығарып салып, «үйіңе барып өл» деген әңгіме болып тұр ғой»,-дейді Саматтың әкесі Нұрқожа Мырзағұлов.
Бірақ, дәрігерлер мұндай шешім шығаруға асықпау керек дейді.
«Әуелі науқасты толықтай емдеп алайық. Содан кейін сарапшылардың кеңесі шешім шығаратын болады. Қазіргі кезде Саматтың жағдайы орташа»,-деді ҚР Қорғаныс министрлігі бас медициналық басқармасының бас хирургы Ербол Жәнібеков.
Ал Саматтың бұл хәлін естігелі төсек тартып қалған анасы билеттің жоғына қарамастан көлікпен сонау Алматыдан бүгін Астанаға келіпті. Осыдан бұрын 4 жасар баласын көлік соғып, қайтыс болғанда аяғынан баса алмай қалған Гүлнар, енді тағы бір сынақты көтере алмаймын деп отыр.
«Мен баламды 12 мүшесін сау қылып жібердім. Ұлымды қалай жібердім маған сондай қылып қайтарсын. Мен өзім мүгедекпін. Балам:«Мама, мен сол қаражатты тауып, сізді емдетіп, аяғыңыздан тұрғызамын. Елдің анасы сияқты жүргіземін» деген. Енді сол арманы су сепкендей болып отыр міне»,- дейді жауынгер Самат Нұрқожаұлының анасы Гүлнәр Өтегенова.
Дәрігерлердің айтуынша, сарбаз Ақтауда жасалған отадан кейін әлі толық оңалған жоқ. Сол себептен ол келесі отаны көтере алмауы мүмкін. Ал, кардиохирург мамандар ине жүрекке жақын тұрса да, одан әзірге қауіп жоқ дейді. Сарбаздың ағзасындағы қауіпті инені қашан алып тастайды, жалпы алып тастай ала ма, ол жағы әзірше белгісіз.

Stan.kz
01 тамыз 2018 ж. 2 512 0