Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Таиландтың әскери кемесі теңізге батып кетті

Таиландтың әскери кемесі теңізге батып кетті

Таиланд әскери-теңіз күштерінің жауынгерлік кемесі суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Таиланд әскери-теңіз күштерінің хабарлауынша, 106 әскери қызметкері бар HTMS Sukhothai кемесі қатты еңкейіп, судың едәуір көлемін жинап алған, содан кейін негізгі блоктардың қуат көзінде қысқа тұйықталу орын алып, қозғалтқыштар өшіп қалған.

Кеме батып бара жатқанда 106 экипаж мүшесінің барлығы құтқару кеудешелерін киген. Оның ішінде 75 теңізші құтқарылды, 31-і қазір суда қалды. Іздеу жұмыстарына тікұшақтар жұмылдырылды.
19 желтоқсан 2022 ж. 1 511 0