Риддердегі вокзалда 2 вагон аударылып қалды

4 ақпан күні таңғы сағат 7 шамасында жұмысқа бара жатқанда Риддер стансасында аударылған екі вагонды куәгер байқап қалған.
Ішінде қаптары бар вагон рельстен шығып, аударылып қалған. Қазіргі таңда жағдайдың себептері анықталып жатыр.