Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақшыларға тойтарыс берген қазақ жігіті америкалық полицейлерді таңғалдырды

Қарақшыларға тойтарыс берген қазақ жігіті америкалық полицейлерді таңғалдырды

АҚШ-та жүрген отандасымыз Олжас Қалдыбаевқа қарақшылық шабуыл жасалғаны туралы әлеуметтік желілерден анықталды. Ғаламторда тарап жүрген видеоға қарағанда, қазақ жігіті қылмыскерлерге тойтарыс беріп, қаруларын тартып алған көрінеді, деп хабарайды Egemen.kz.

Болған жағдайды Олжас Қалдыбаев Instagram-дағы парақшасында баяндап, оқиға орнынан бейнематериал жүктеді.

Оның айтуынша, тапанша мен мылтық ұстаған үш жігіт оның сөмкесін тартып алған. Бірақ қазақ баласы олардың бірін қуып жүріп ұстаған, кейін полицейлерді күткен. Сол мезетте барлығын видеоға түсіріп алуға да үлгерген. Сол кезде қарақшының екі досы қолдарына тапанша ұстап, сыбайласын босату үшін қайта оралған. Олар қазақ жігітіне шабуыл жасаған. Алайда, Олжас Қалдыбаев қарсылық көрсетіп, қаруды тартып алған. Бірақ ұрылар қашып кеткен.

Көп ұзамай оқиға орнына полицейлер де келіп жеткен. Қарақшыларды іздеуге 6 полиция көлігі мен тікұшақ жұмылдырылды.

Полицейлердің бірінің сөзінше, қазақ жігіті қарақшылардан тапанша пен автомат тартып алған.

«Мұндайды Америкада бұған дейін ешкім көрмеген», деді полиция қызметкерлері.
17 сәуір 2023 ж. 637 0