Кәсіпкер түйе жүнін қайта өңдеп, кәдеге асыруда
Түйе жүнінің тоңазыған денені жылытатын ғана емес, емдік қасиеті бар екенлігін қазақтар ерте заманнан-ақ білген. Аяқ-қол сынып немесе шығып кеткен жағдайда, денеде ауырсыну болса түйе жүнін тұзды суға қайтанып ем жасғандығын талай мәрте көзбен көрдік. Қазір түйе жүнін түрліше әрлеп алуан түрлі бұйым жасап жүргендер бар. Солардың бірі Индира Жұмашева. Ол түйе жүнінен тігілген көрпені Аралдың брендіне айналдырып отыр. Кәсіпкер негізін қалаған Ай-Аружан тігін орталғы 2010 жылдар берін өз жұмысын бастаған. Содан бері аралдықтардың көңілінген шыққан тігін шеберханасында 18 адам еңбек етіп отыр. Олардың арасында мемлекеттік бағдарлама жастар тәжірбиесімен, «күміс жаспен» жұмыс істеп жатқандар бар . Ең алған еңбек жолын сұлулық салонынан бастаған Индира денсаулығы сыр берген соң жаңа кәсіпті меңгеруге бел буады. Осылайша, тігін өнерінің қыр-сырына үңіледі. Жастайынан анасынан үйренгенін жетілдіріп, біліктілігін арттырады. 2021 жылдан бастап түйе жүн көрпесін тігумен кәсіпкердің аты Қазақстанға белгілі бола бастады десек артық болмас.
– Қазір тұтынып жүрген жамылғы көрпелердің басым көпшілігі синтетикалық матадан жасалады. Біздің өңір қос өркешті түйе жануарын түлетіп отырған өлке екендігі көпке белгілі. Аралдықтардың түйе жүнді қайда апарып өткізетіндіктерін білмей, өздері кәдеге асыруға мүмкіндігі жетпей күл-қоқысқа тастап жатандығын көретінмін. Содан ойлана келе неге түйе жүнінен көрпе жасамасқа деген ой келді. Алғашында түйе жүн көрпені дайындап, өзім пайдаландым. Түйе жүнінен жасалған көрпе жеңіл, әрі ауа өткізу қабілеті жоғары болып келеді екен. Осылайша, жаңа өнімді нарыққа шығаруды қолға алдым, – дейді Индира Жұмашева.
Индира Оның айтуынша, бір адамдық көрпеге 1,8-2 килограмм жүн кетеді. Онда да көрпеге түйенің барлық жүні жарай бермейді, тек бүйір жүні пайдаланылады. Қазірдің өзінде ол көрпе тігу үшін жылына 1,5 тонна түйе жүнін пайдаланады екен.
– Бір түйеден 3 килограмдай бүйір жүн шығады. Біз соны пайдаланамыз. Ол ең жұмсақ, қолдануға қолайлы. Оны жақсылап жуып-тазалап, түткеннен кейін ғана көрпе дайындалады. Өніміміз экологиялық таза. Жақында сәйкестендіру сертификатын алдық. Қазіргі уақытта бізде көп жағдайда түйе жүнін сыртқа жібереді. Соған орай сапалы шикізатты жинау үшін ауылдарды аралап, алдын ала ақысын төлеп, келіссөздер жүргізіп жатырмыз», – дейді кәсіпкер.
Жалпы түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптер иіріп, түрлі бұйымдар әзірлеген. Оның ішінде шекпен қап, қоржын, белбеу кілемше тоқылса, ат әбзелдерін жасауға да пайдаланылыпты. Сондықтан да нарықта әлі күнге дейін түйе түбітіне деген сұраныс өте жоғары саналады. Ал түйе жүнінен жасалған көрпелер құндылығын жоғалтқан емес. Осы орайда түйе жүнін төсек-жабдықтарда қолдану аясын кеңейту үшін кәсіпкер түрлі мамандармен кеңесіп, жұмыс істеп жатқанын алға тартады. Жақын арада Алматы қаласынан арнайы эксперт алдырып, мамандарын оқытуға да бел буып отыр.
Индираның шеберханансынан шыққан түйе жүн көрпелер еліміздің абрлық өңірлеріне тапсырыспен жөнелтілуде. Әсіресе, Астана, Алматы мен Қарағандының тұрғындары ерекше қызығушылық танытып, жиі тапсырыс береді екен.
– Қазір шеберханада жұмыс күші ауқымды. Біз қыз жасау, түрлі көпе жабдықтар, перде және тапсырыспен киім де тігеміз. Цехта көбіне қыз-келіншектер еңбек етеді. Олардың арасында «Арал мүгедектігі бар адамдарды қолдау» қоғамдық бірлестігі арқылы мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтып отырмыз. Жалпы тігін саласын меңгергісі келетін кез-келген, өзімнен жұмыс сұрап келген нәзік жандыларды мүмкіндігіне қарай құр қалдырғым келмейді, - деді кәсіпкер.
Индира өзінің табанды еңбегімен елдің арасында құрметке бөленіп жүрген жан екендігін де айта кетуіміз керек. Ол кәсіпкер ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдаушысы, аудандық мәслихаттың депутаты. Биыл Индираның түйе жүн көрпесі Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауында «Халыққа арналған үздік тауарлар» номинациясында жеңімпаз деп танылған. Ендігі кезекте республикалық кезеңде бақ сынайтын болады.
«Ай-Аружан» тігін шеберханасы халық қажетін өтеп, көптің көңілін тауып отырған, заман көшімен ілгері басып келе жатқан Аралдағы бірден –бір шеберхана. Мұндағы сапалы қызмет пен мол таңдау аралдықтардың көңіл түкпірінен орын алған. Міне, халықтың алғысы мен батасына бөленіп жүрген кәсіпкер Индира Жұмашева алдағы уақытта кәсібін одан әрі дамыта түсіуді де жоспарлап отыр.








