Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Түйе жүнін түлеткен кәсіпкер

Түйе жүнін түлеткен кәсіпкер

Түйе жүнінің тоңазыған денені жылытатын ғана емес, емдік қасиеті бар екендігін қазақтар ерте заманнан-ақ білген. Аяқ-қол сынып немесе шығып кеткен жағдайда, денеде ауырсыну болса түйе жүнін тұзды суға қайнатып ем жасағандығын талай мәрте көзбен көрдік. Қазір түйе жүнін түрліше әрлеп, алуан түрлі бұйым жасап жүргендер бар. Солардың бірі – Индира Жұмашева. Ол түйе жүнінен тігілген көрпені Аралдың брендіне айналдырып отыр.
Кәсіпкер негізін қалаған "Ай-Аружан" тігін орталығы 2010 жылдан бері өз жұмысын бастаған. Содан бері аралдықтардың көңілінген шыққан тігін шеберханасында 18 адам еңбек етіп отыр. Олардың арасында мемлекеттік бағдарлама жастар тәжірибесімен, «күміс жаспен» жұмыс істеп жатқандар бар. Ең алғаш еңбек жолын сұлулық сало¬нынан бастаған Индира денсау¬лығы сыр берген соң, жаңа кәсіпті меңгеруге бел буады. Осылайша, тігін өнерінің қыр-сырына үңі¬леді. Жастайынан анасынан үйренгенін жетілдіріп, біліктілігін арттырады. 2021 жылдан бастап түйе жүн көрпесін тігумен кәсіпкердің аты Қазақстанға белгілі бола бастады десек артық болмас.
– Қазір тұтынып жүрген жа¬мылғы көрпелердің басым көп¬шілігі синтетикалық матадан жа¬са¬лады. Біздің өңір қос өркешті түйе жануарын түлетіп отырған өлке екендігі көпке белгілі. Аралдықтардың түйе жүнді қайда апарып өткізетіндіктерін білмей, өздері кәдеге асыруға мүмкіндігі жетпей күл-қоқысқа тастап жатандығын көретінмін. Содан ойлана келе неге түйе жүнінен көрпе жасамасқа деген ой келді. Алғашында түйе жүн көрпені дайындап, өзім пайдаландым. Түйе жүнінен жасалған көрпе жеңіл, әрі ауа өткізу қабілеті жо¬ғары болып келеді екен. Осылай¬ша жаңа өнімді нарыққа шы¬ғаруды қолға алдым, – дейді Индира Жұмашева.
Индираның айтуынша, бір адамдық көрпеге 1,8-2 кило¬грамм жүн кетеді. Онда да көрпеге түйенің барлық жүні жарай бер¬мейді, тек бүйір жүні пайдаланы¬лады. Қазірдің өзінде ол көрпе тігу үшін жылына 1,5 тонна түйе жүнін пайдаланады екен.
– Бір түйеден 3 килограмдай бүйір жүн шығады. Біз соны пайдаланамыз. Ол ең жұмсақ, қол¬дануға қолайлы. Оны жақ¬сылап жуып-тазалап, түткеннен кейін ғана көрпе дайындалады. Өніміміз экологиялық таза. Жа¬қында сәйкестендіру серти¬фи¬катын алдық. Қазіргі уақытта бізде көп жағдайда түйе жүнін сыртқа жібереді. Соған орай са¬палы шикізатты жинау үшін ауыл¬дарды аралап, алдын ала ақы¬сын төлеп, келіссөздер жүр-гізіп жатырмыз, – дейді кәсіпкер.
Жалпы түйе жүнінен неше түрлі өрмек жіптер иіріп, түрлі бұйымдар әзірлеген. Оның ішінде шекпен қап, қоржын, белбеу, кі¬лемше тоқылса, ат әбзелдерін жасауға да пайдаланылыпты. Сондықтан да нарықта әлі күнге дейін түйе түбітіне деген сұраныс өте жоғары саналады. Ал түйе жү¬нінен жасалған көрпелер құнды¬лығын жоғалтқан емес. Осы орайда түйе жүнін төсек-жабдықтарда қолдану аясын ке¬ңей¬ту үшін кәсіпкер түрлі маман-дармен кеңесіп, жұмыс істеп жатқанын алға тартады. Жақын арада Алматы қаласынан арнайы эксперт алдырып, мамандарын оқытуға да бел буып отыр.
Индираның шеберханасынан шыққан түйе жүн көрпелер еліміздің барлық өңірлеріне тапсырыспен жөнелтілуде. Әсіресе, Астана, Алматы мен Қараған¬ды¬ның тұрғындары ерекше қызығу¬шылық танытып, жиі тапсырыс береді екен.
– Қазір шеберханада жұмыс күші ауқымды. Біз қыз жасауы, түрлі көрпе жабдықтары, перде және тапсырыспен киім де тігеміз. Цехта көбіне қыз-келіншектер еңбек етеді. Олардың арасында «Арал мүгедектігі бар адамдарды қолдау» қоғамдық бірлестігі арқылы мүгедектігі бар адамдарды жұмыспен қамтып отырмыз. Жалпы тігін саласын меңгергісі келетін кез келген, өзімнен жұмыс сұрап келген нәзік жандыларды мүмкіндігіне қарай құр қалдырғым келмейді, – деді кәсіпкер.
Индира өзінің табанды еңбегімен елдің арасында құрметке бөленіп жүрген жан екендігін де айта кетуіміз керек. Ол кәсіпкер ғана емес, мүмкіндігі шектеулі жандардың қолдаушысы, аудандық мәслихаттың депутаты. Биыл Индираның түйе жүн көр¬песі Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы ұйымдас¬тыр¬ған «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауын¬да «Халыққа арналған үздік тауар¬лар» номинациясында жеңімпаз деп танылған. Ендігі кезекте рес¬публикалық кезеңде бақ сынай¬тын болады.
«Ай-Аружан» тігін шеберханасы халық қажетін өтеп, көптің көңілін тауып отырған, заман көшімен ілгері басып келе жатқан Аралдағы бірден-бір шеберхана. Мұндағы сапалы қызмет пен мол таңдау аралдықтардың көңіл түкпірінен орын алған. Міне, халықтың алғысы мен батасына бөленіп жүрген кәсіпкер Индира Жұмашева алдағы уақытта кәсібін одан әрі дамыта түсуді де жоспарлап отыр.
Н. БАҚЫРАН
03 қазан 2023 ж. 319 0