"Дұға тіледім": Арыстағы жарылыста жалғыз қалған бала оқиғасын айтып берді

Қазіргі таңда арыстық басқа балалармен бірге сауықтыру лагерінде демалып жатқан Саян қалай дұға тілегенін айтып берді. Кішкентай бала өліп қаламын ба деп қатты қорықса да, ата-анасының жағдайын ойлаған. Артынша әжесін тауып алған ол қалай аман қалғанын айтып берді.
"Мектеп жанды, қорқып кеттім. Өліп қаламын деп ойладым. Қауіпсіз жерге барған кезде бір ағаның телефонынан анама хабарластым. Бірақ сөндірулі болды. Мен барлығы тірі болса екен деп дұға тіледім. Артынша бір тойхананың жанында әжемді кездестіріп қалдым. Екеуіміз бірге қашты. Сол кезде де дұға тілеуімді тоқтатпадым", - дейді Саян Қабылов.