Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы "2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы" 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 299 Жарлығына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Әлемдік экономикадағы ағымдағы жағдайды, тауар нарықтарындағы баға конъюнктурасын, сондай-ақ әлемдегі коронавирус пандемиясын ескере отырып, 2020 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы нақтыланды. Бұл болжам және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру қажеттілігі 2020 жылғы республикалық бюджеттің параметрлерін нақтылауға негіздер болып табылды, – делінген Ақорданың ресми сайтында.
https://baq.kz/