Жаңа заң жобасы қаралды

Отырыста сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы және биоотын айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарады.
Заң жобасының негізгі мақсаты – қолданыстағы заңнаманы жетілдіру, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласында заманауи нормативтік-құқықтық базаны құру.
Осылайша, заң жобасы: агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту және цифрландыру бағдарламасын іске асыруды, асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруды, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу мерзімдерін біріздендіруді және биоэтанолды қолдану аясын кеңейтуді көздейді.
Заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.
egemen.kz