Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы №224 18.02.2019

Арал аудандық мәслихатының кезектен тыс отыз тоғызыншы сессиясы №224 18.02.2019

Нормативтік құқықтық акті 2019 жылғы 20 ақпандағы нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №6705 болып енгізілді.
«Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтажазаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекітутуралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы 28 тамыздағы № 97 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
         «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
  1. «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Арал аудандық мәслихатының 2017 жылғы                 28 тамыздағы № 97 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5963 тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2017 жылғы 3 қазанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
         аталған шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидаларында:
2-тармақтың 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) уәкілетті ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойыншафилиалының Арал аудандық бөлімі»;
5-тармақтың 3) тармақшасының бесінші абзацтағы «30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет» деген сөздерден кейін «және материалдық көмек ретінде біржолғы 40 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде» деген сөздермен толықтырылсын.
         2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Арал аудандық мәслихаттың
кезектен тыс отыз тоғызыншы  
сессиясының төрағасы
 А. Ізбасаров
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қызылорда облысының
жұмыспен қамтуды үйлестіру
және әлеуметтік бағдарламалар
басқармасы» мемлекеттік мекемесі

       Арал аудандық
 мәслихатының хатшысы
             Д. Мадинов
25 ақпан 2019 ж. 1 071 0