Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейлік журналист АҚШ-тың Алматыдағы биологиялық зертханасын жарып жіберуді ұсынды

Ресейлік журналист АҚШ-тың Алматыдағы биологиялық зертханасын жарып жіберуді ұсынды

Ресейдің басты телеарнасында журналист Владимир Соловьев АҚШ-тың Алматыда салған биологиялық зертханасын жарып жіберуді ұсынды. Бағдарламада АҚШ-тың Ресейге жақын Қазақстан, Грузия, Әзірбайжан, Украина сияқты мемлекеттерде биологиялық қару шығару үшін арнайы зертханалар салуы мүмкін деген жорамал айтылды. Соловьев Қазақстан туралы арандатушылық пікірін бірінші рет айтып жүрген жоқ. Бірақ СІМ бұл жолы да оның сөзіне жауап қайтармады.

Алматыдағы орталық референс зертхана 2016 жылы АҚШ-тың қаржыландыруымен тұрғызылған еді. Мақсаты – оба, сібір жарасы, бруцелез сияқты аса қауіпті жұқпалы ауруларды зерттеу. 
Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін зертхана Қазақстанның
меншігінде және басқаруында. Соған қарамастан Ресейдің мемлекеттік арнасы АҚШ Қазақстанда биологиялық қару жасауы мүмкін деген ақпарат таратты.
Ал саясаттанушылар Соловьевтің бұл әрекетін демарш деп бағалап отыр.
«Келісілмей айтылған сөз емес. Бұл Кремльдің ниетін, соның сөзін білдіріп отыр. Бір жағынан демарш арқылы қорқыту. «Сендерге рұқсат бермеп едік. АҚШ-тың одақтасына айналып бара жатырсыңдар», - деген сияқты ойы. Біз аш бәледен қаш бәле дегендей, дұрыстап жауап қатпай отырмыз», - дейді саясаттанушы Өзімбай Ғали.
28 маусым 2019 ж. 943 0