Аралда бокстан ашық біріншілік өтіп жатыр
Бүгін Арал қаласындағы №19 олимпиядалық резервтың мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің бокс залында 2007-2008 және 2009-2010 ж. т. жасөспірімдер арасында бокстан осы мектептің ашық біріншілігі өз жалауын көтерді.
Негізгі жарыстың мақсаты ауданда жұмыс жасап жатқан бокс жаттықтырушыларының жұмысын қатағалау, бақылау және де жас былғары қолғап шеберлерінің спорттық шеберлігін шыңдау және де осы жас аралығында ауданның құрама командасын жасақтау болып отыр.
Жарысқа аудан көлемінде жұмыс жасап жатқан барлық бокс жаттықтырушылары өз шәкірттерін алып келіп жарыс жолына салып отыр атап өтетін болсақ, Арал қаласынан үш команда, Сексеуіл, Жақсықылыш кенттерінен және Тоқабай, Бекбауыл, Қаратерең, Ерімбетжаға елді мекендерінен барлығы 9 команда жалпы құрамында 100-ге жуық жасөспірім өз бақтарын сынауда.
Жарыстың қортындысы 9 наурыз күні анықталатын болады. Барлық жас қолғап шеберлеріне сәттілік тілейміз.