Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фируза Шәріпованың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Қазақстанның кәсіпқой бокс бойынша әлем чемпионы Фируза Шәріпова кезекті жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
24 қазанда Казань қаласында Ratel Pro Fight промоутерлік компаниясының турнирінде менің кезекті жекпе-жегім болады. Қарсыласымның есімін жақын арада хабарлаймын, - деді спортшы.
Еске салсақ, 22 тамызда қазақстандық спортшы танзаниялық Хэппи Даудимен жекпе-жекте мерзімінен бұрын жеңіске жеткен еді. Алайда, бокс кешінен кейін қазақстандық боксшы әртүрлі жаңсақ сөздерге тап болып, орынсыз айыптауларға жауап берді.
baq.kz
31 тамыз 2020 ж. 418 0