8 жасар қазақ Ресейде чемпион атанды
8 жасар ақтаулық шахматшы Ресейде чемпион атанды деп хабарлайды Qamshy.kzақпарат агенттігі lada.kz сайтының дерегін негізге алып. Сайысқа Ресейдің түкпір-түкпірінен 200-ден астам бала қатысқан. Ақтаулық Назар Талғатов 11 жасқа дейінгі балалар арасындағы сайыста бақ сынаған. Аталмыш сайысқа Қазақстанның атынан Назар Талғатов пен Алан Тасмұханов қатысты. 2-сыныпта оқитын Назар 34 шахматшыдан басым түсіп, "Жеңіс" кубогін иеленді. Шахмат мектебінің жетекшісі Әнуар Шайхымовтың айтуынша, Назар өзінен үлкен шахматшыларға қарағанда әлдеқайда кәсіби түрде ойнайды екен.









