Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Пойызға үлгеру үшін үнемі қарсыласын нокаутқа жіберетін боксшы туралы естіп пе едіңіз?

Пойызға үлгеру үшін үнемі қарсыласын нокаутқа жіберетін боксшы туралы естіп пе едіңіз?

«Бостаннан келген шайыр балақай» деген лақап атқа ие болған Сэм Лэнгфорд әлемдегі ең мықты боксерлердің бірі. Ол тек бокс әлемінде ғана танымалдылыққа ие болған. Лэнгфорд қарсыласын тез арада нокаутқа жіберетін қабілетімен танымал. Қалауы да сол болған сияқты. 
Бойы 170 сантиметр, дене бітімі  тығыршықтай Лэнгфорд әуелде жеңіл салмақта күш сынасқан. Кейінірек ауыр салмаққа көшті. Ауыр салмақта сайысқа түсетіндіктен, сол заманның чемпиондары онымен күш сынасудан қашқақтайтын. Себебі, қарсыластары бас сүйегіңді шашып тастауы мүмкін оның оң қолының қатты соққысынан қорқатын. Сондай боксерлердің бірі атақты ауыр салмақты чемпион Джек Джонсон еді.
Қауесетке сенсек, ол Лэнгфордты жеңе алатын жалғыз адам  екен. Сол себепті де кейде Лэнгфордты «Ешкім танымайтын атақты боксер» деп те атайды. Өйткені, оның заманы оған үлкен рингте өз күшін көрсетуге еш мүмкіндік бермеген.
Мұны тіпті ұятты іс десе де болады. Себебі, Лэнгфорд өзінің мықты соққысының арқасында өмірінде кездескен кез келген жанның сый-құрметіне ие болған феномен, теңдесі жоқ боксер еді.
Мысалы, боксшы Харри Уиллстен бір күні "Лэнгфордтан жеңілу қандай екен?" деп сұрағанда «жұдырығы мені тесіп өтті деп ойладым» деп жауап берген екен. "Лэнгфорд нокаутқа жібергенде қандай сезімде болдың?" дегенде, Уиллс: «біткен жерім осы, өлген шығармын деп ойладым"- депті. Уиллстың өзі де ауыр салмақта күш сынасқан. Тіпті Лэнгфордан 15 сантиметр биік болған. Сондықтан, ол бетіңе жұдырықтың ауыр соққысы тиюдің не екенін өте жақсы білген.

Қарсыласын мұрттай ұшыратын соққысымен қатар, Лэнгфорд өте шапшаң боксшы болған. Деректерге сүйенсек, ол өте шыдамды болған деседі. Тіпті тым кеш кездесулер кезінде де қарсыласын нокаутқа жіберетіндей күші болған екен. Оған қоса, боксшының соққысының күштілігі сонша, қарсыластары тым ұзаққа шыдамаған. Тек кейбір қарсыластары соңғы күші қалғанша, екіншілері  біршама ұзақ төбелескен деседі. 

Лэнгфорд қарсыластарының көбісін бірінші раундта-ақ нокаутқа жіберетін. Сөйтіп, рингтен тезірек кетуге асыққан. Жанкүйерлерінің бірі "неге сонша кетуге асығасың?" деп сұрағанда,  Лэнгфорд жымиып: «Білесің бе, сағат 11:30-да пойызым жүріп кетеді»-деп жауап берген екен.

Ұсынған: Мақпал Сембай 
«Қамшы» сілтейді
03 сәуір 2019 ж. 1 398 0