Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Астана" шабандозы Франциядағы жарыста топ жарды

"Астана" шабандозы Франциядағы жарыста топ жарды

"Астананың" даниялық шабандозы Якоб Фульсанг Франциядағы "Критериум Дофине" көпкүндік жарысын жеңіп алды, 16 маусымда соңғы, сегізінші кезеңде Фульсанг мәре сызығын 16-болып кесті. Ал қазақстандық команда сапында Алексей Луценко үздік нәтиже көрсетті - 8-орын.
Фульсанг 7-кезеңнен кейін жалпы есепте топ бастаған. Ол барлық кезеңді 30 сағат, 44 минут және 27 секундта өтіп шықты. Даниялық шабандоздан EF Education First өкілі америкалық Тиджей ван Гардерен 20 секундқа, Bora-Hansgrohe спортшысы, неміс Эмануэль Бухман 21 секундқа қалып қойды.  "Критериум Дофиненің" жалпы есебінде Луценко 7-орын алды. Ол Фульсангтан 1 минут, 12 секундқа артта қалды.
https://kaz.tengrinews.kz
17 маусым 2019 ж. 452 0