Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Альварес Головкинмен қарымта кездесуге келісімін берді

Альварес Головкинмен қарымта кездесуге келісімін берді

«Канело» Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жек өткізуге келісім берді. Бұл туралы  Golden Boy компаниясының президенті Эрик Гомес айтты.

«Біз реванш бойынша нәтижелі келіссөздерді жүргізудеміз. «Канело» жекпе-жекке шыққысы келеді, ол бізге келісімді аяқтауға зор мүмкіндік. Келісімшарт бойынша жұмыстар жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсат – реванш. Енді тек кейбір түйінді мәселелерді ғана шешу қалды», – деді Гомес ESPN Deportes-ке берген сұхбатында.
Оның сөзіне қарағанда, жүргізіліп жатқан келіссөздер жаңа жылға дейін жалғасы мүмкін.
«Біз Головкиннің өкілдерімен  жұмыс істеуді жалғастыратын боламыз. Том Леффлер Германияда сапармен жүр. Ол  GGG-мен сөйлесіп, бізге жауабын беретін болады», – деді Golden Boy өкілі.
Жекпе-жек 5 мамырда өтеді деп жоспарланды.
20 желтоқсан 2017 ж. 1 297 0