Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Данияр Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Данияр Елеусіновтің Нью-Йорктегі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Ұлыбританиялық Matchroom промоутерлік компаниясы қазақстандық чемпион Данияр Елеусіновтің (7-0, 3 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетінін ресми түрде хабарлады, - деп жазады Vesti.kz.
Спорт порталының мәліметінше, Елеусінов 13 қыркүйекте Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасындағы Hulu Theather залында жеңіліп көрмеген 34 жастағы Решард Хикспен (12-0-1, 6 КО) кездеседі.  Айта кетейік, жекпе-жекті DAZN тікелей эфирде көрсетеді. Бокс кешінің басты қонақтары - америкалық Девин Хэйни (22-0, 14 КО) мен ресейлік Заур Абдуллаев (11-0, 7 КО). Ал қазақстандық боксшы кештің андеркартында жұдырықтасады.

Елеусінов соңғы жекпе-жегін 25 мамырда Мэрилэнд штатында чили боксшысы Луис Норамбуэнуны (3-4-1, 0 КО) жеңген болатын. Алдағы жекпе-жек қазақстандық боксшының АҚШ-тағы бесінші жекпе-жегі болмақ.
https://kaz.tengrinews.kz/boxing/daniyar-eleusnovtn-nyu-yorkteg-jekpe-jeg-kashan-otetn-belgl-300480/
21 тамыз 2019 ж. 533 0