"Мен өзімді бұрынғыдай чемпион сезінемін": Головкин Нью-Йоркке келді

Vesti.kz ақпарынша Головкин 30 қыркүйектеThe Breakfast Club бағдарламасының қонағы болып,Sport Illustrated атты танымал басылымға сұхбат берген.
Жақында Головкин мен Деревянченконың бокс кешінің бағдарламалары белгілі болды. 5 қазанда Madison Square Garden-де өтетін бұл қолғап түйістіру кеші ең маңызды іс-шара болмақ. Шоудың андеркартасында 7 бокс кеші өтеді – шаршы алаңға сондай-ақ қазақстандық боксшы Әли Ахмедов шығады. Оның қарсыласы - америкалық Эндрю Эрнандес. Қазақстан уақыты бойынша Головкин мен Деревянченконың қолғап түйістіруі 6 қазанға қараған түні басталады, ал басты тартыс таңертең өтеді. Головкиннің сөзінше ол өзінің әр бокс кешінде кезекті чемпиондық белдікті қорғап жатқандай әсерде болады. «Мен өзімді бұрынғыдай чемпион сезінемін. Менің кез келген қолғап түйістіруім мен үшін маңызға ие. Менің бар шайқасым – чемпиондық деңгейде» - деген боксшы шаршы алаңға әр шыққан сайын соңғы рет шыққандай әсерде болу керектігін айтады. «Мен өз қарсыластарыма еш уақытта жоғарыдан қарамаймын», - дейді Головкин.
https://aikyn.kz/sport/boxing/9233-men-oez%D1%96md%D1%96-burynghyday-chempion-sez%D1%96nem%D1%96n-golovkin-nyu-yorkke-keld%D1%96/