Қабырғадағы «қара қасқа атты Қамбар батыр»
Аралда Бимұрат Үсенов атты сыйлы да қадірменді әз ағамыз болды. Өмір бойы қала мектеп¬терінде ұстаздық етті. Ағамыз¬дың жалпы өнерге, әдебиетке, өл¬еңге деген іңкәрлігі ерекше еді. Қаламын қолынан тастамай әр түрлі жанрда үздіксіз жазып жүрді. Өлең де жазды, әңгіме-но¬веллалар да жазды, мақалалар да жазды. Әдебиеттегі әрбір мә¬селелерді кім-кіммен де сөз еткенде кәдімгі ақ¬ын-жазушыларды жолда қалды¬ратын. Мен білетінде Алаштың арда ақыны Мұхтар Шаханов¬тың, Аралдың ақиық ақыны Мешітбай Құттықовтың бүкіл шығармашылығын жіпке тізген¬дей қалт жібермей оқып, сара¬лап, пікірін, ой-толғамдарын жазып отыратын.
Көзі тірісінде қайбір жылы үй¬іне қонаққа шақырды. «Тол¬қын» газетінің редакторы Шым¬кентбай Жылмағанбетов екеуміз бардық. Және де көрші тұратын бөлесі, мәдениет майталманы Жақсыбай Төребеков те болды. Биекеңнің жыршы-термеші баласы Айдар ол кезде студент. Бірақ сахна¬лар¬¬ға шығып, өнерін көпке ұсынып жүрген кезі. Есік алдындағы сәкі үстінде отырып сол өнерпаз ба¬ласы Айдарды біраз жырлатты. Мақтаныш тұтып отырды. Дегенмен сол күні мені таңғалдыр¬ған бір нәрсе – Биекеңнің төргі бөлмесіндегі толайым қабырға¬ға салынған үлкен сурет-пано бол¬ды. Мұндай суреттер екінің бірінің үйінде кездеспейді. Таң¬қала қарап, тамсана әңгімелеп жаттық. Суреттің салынғанына біраз жыл өтіп кетсе де сыр бер-меген. Тек кей жерлерінде ғана сәл-сәл уақыт бедері қалған. Сөйт¬сек бұл суретті жанымызда отырған Жақсыбай ағамыз сал¬ған болып шықты...
Арада біраз жылдар өтті. Жақ¬ында сол жардағы суретті Жақ¬сыбай ағаның өзі түсіріп, бізге салып жіберіпті. Шынымен де қабырғадағы бұл пано назар аударатындай-ақ, кәнігі суретшінің қолынан шық¬қаны көрініп тұр. Енді осы сур¬еттің салыну тарихы туралы Жә¬кең¬нен сыр тартқанбыз. Ол да бұл¬дан¬бады, сол бір жылдарды есі¬не ала, әңгімелеп берді.
– Мен Биекеңмен бөле¬мін. Үй¬і¬міздің Жансүгіров көшесінде қа¬рама-қарсы жақын орналасуы осы туыстық жақындығымызға байланысты. 1965 жылы мектеп бітірген соң, Арал аудандық мә¬д¬ениет бөліміне жұмысқа тұрдым. Көкқабақтағы малды ауылдың баласы¬мын. Сурет салу¬ды 4 сыныптан үйрендім. Сын¬ып¬тас қыздарға гүлдің түрлі-түрлі суретін салып беріп, қызықтыра¬тын¬¬мын. 5 сыныпты Аралдағы №86 сегізжылдық мек-тепте жалғастырдым. Бағымызды қарасайшы, сынып жетекшіміз белгілі ақын Әміра¬дин Әленов болып шықты. Оның өзі бір үлкен әңгіме. Ол кезде мектептегі қабырғаға ілінетін жазу-сызудың бәрі қолмен салынады емес пе. Бір күні Әмірадин ағай: «Кімнің сурет салып, жазу жазуға місекер¬лігі бар?» деп сұрады. Мен қолым¬ды көтердім. Содан қазақ тілінен беретін ағайымның түрлі са¬бақтарға пайдаланатын көрне¬кі¬¬ліктерін салып жүрдім. Ағайым да риза, ағайымның көңілінен шық¬қан мен де мәз болып жүрдім. Сол жылы мектепте аға пионер во¬жатый кім болды дейсің ғой? Абдул-Хамит Мархабаев! Кейін қазақтың үлкен фантаст жазушы¬сы болған. Абдул-Хамит аға¬мыз «Жас дос» деген қабырға газ¬етін шы¬ғарады. Сурет салатынымды біліп, сол қабырға газетіне сур¬етші-редактор етіп қойды. Қан¬¬ша айтқанмен шығар¬машы¬лық¬¬тың адамы ғой. Аяғында сол қабырға газетінің ұзындығыбара-бара 3метрге жетіп, бір қабырғаны ал¬ып тұратын болды. Ішінде оқушылар¬дың жетістіктерін мақтау да бар, нашар оқушыларды келеке ететін суреттер де бар. Соның бәр¬ін салып шығамын.
Міне, осындай сурет салу мек¬тебінен өткен мені Арал аудандық мәдениет бөл¬імі 1965 жылы шофер-киномеха¬ник етіп қабылдады. Бірақ жұмыс уақыт¬ымның бір бөлігі сол мәдениет бөлімінің сурет, плакаттарын салумен кетеді.
1967 жылы қаладағы №15 мек¬тепте оқушыларға еңбектен сабақ беріп жүрген Бимұрат аға¬мыз жаңа үй салып бітірді. Қайбір асып-тасыған заман. Әр бөлмеге ілетіндей кілем табыла бермейді. Содан бір күні шақырып алып:
– Ей, Жақсыбай, сенің қолың¬нан сурет салу келетінін білемін. Сен мына үйімнің екі бөлмесінің қабырғасына екі сурет салып бер. Осы қабырғаларға іле¬тін ештеңе таппай отырмын,– деді.
Жалындап жүрген жас кезіміз, аға айтқасын болды.
Содан қоңыр күзде қазан ай¬ын¬¬да бастап, желтоқсанға дейін үш ай бойы күнде жұмыстан кел¬ген соң, шай-суымды ішіп алып, Биекеңнің үйіндегі осы «жұмыс¬ыма» басыбайлы кірісе¬мін. Биекең шебер де адам ғой, әр нәр¬сеге қолы¬ның ебі бар. Қос қабырғаны да цементпен тас-емен қып мықтап сылаған екен. Бетін кеме жөндеу зауыт¬ынд¬а кеме сыр¬лайтын сұр крас¬кі¬мен сырлап шықтық. Үлкен бөлменің қабырғасы төрт метр. Соған биіктігі бір жарым, ұзын¬ды¬ғы екі метр қылып сурет салу¬ға кірістім. Айтпақшы, әуелі не салсам болады деп ойланып от¬ырып, есіме жақында Қамбар бат¬ыр туралы жыр оқығаным түсті. Алпыс үйлі арығын, тоқсан үйлі тобырын тоқ қылам деп ел қамын жеген Қамбар батыр тәнті етіп жүр-ген. Осы ойымды Биекең ағама айтып едім, ол сөзге келместен қоштай кетті.
Қазақ өмірінің бір жайлы кез¬ін бейнелейтін панодан,қарап отырсақ қара қасқа атын мінген Қамбар батыр бес қаруын алып сайланып аңшылыққа шығып барады.Қолында қыр¬ан құсы, ізінде жүйрік тазысы бар. Әріректе осы¬лай қарай бұрыла басып беттеп келе жатқан Наз¬ым сұлу көрінеді. Овал тектес шеңбер ішіне салған суреттің сыртындағы қазақы ою-өрнек¬терді Биекең өзі салып шықты. Ал мен екінші қабырғадағы «Ау-ыл» деген тақырыптағы суретті салу¬ға кірістім...
Сөйтіп екі қабырғадағы сур¬ет-пано сәтімен бітті. Міне, соған да жарты ғасыр¬дай уақыт болып¬ты. Бір өкі¬ніштісі, ағамыз кейіні¬рек үйіне тағы бір үлкен бөлме қос¬қанда әлгі «Ауыл» суреті сал¬ынған бөлмеден терезе шығармақшы болды. Содан ол сурет бұзылған. Ал «Қара қасқа атты Қам¬бар батыр» картинасы қаб¬ырға¬да әлі тұр. Қабырға сылағы¬ның мықтылығынан да болар, сол күйі сақталды дес¬ем болады. Сол шаңыраққа бас сұққан адамдардың барлығы осы бір фантазия¬дан туындаған қос қабырғадағы суретке бір қарамай, тамсанбай кетпей¬тін. Тіпті кейбіреулер дәл осын¬дай суретті өз үйлерінде де сал¬дырғысы келіп жүретін...
Әуесқой суретші болса да, мәдениет майталманы Жақсы¬бай Төребеков салған осынау паноны жақында әлеуметтік жел¬іге салғанымда қабырғада¬ғы Қам¬бар батырды көрген көп адамдар, оның ішінде зиялы қауым білімпаздары да тамсаныстарын білдір¬іп, мұны мәдени құнды дүние деп бағалап жатты.
Ерғали АБДУЛЛА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі