Аралым – айдын шалқарым
Арал десе, біріншіден, сырт адамның көз алдына балық пен тұздың келетіні анық. Алайда жергілікті жұрт мал шаруашылығымен кеңінен айналысып келеді. Әсіресе, қыр беттегі ауылдардың тіршілігі – осы. Теңізге жақын тұрғындардың ата кәсібі – балық шаруашылығы.
Аралға Кіші теңіздің қайта оралып, су көлемінің көбеюі, балық шаруашылығының өркендеп, өңір экономикасының дамуына, халықтың әлеуметтік жағдайының жақсаруына жағдай жасағаны жасырын емес. Бұрын су айдындарында жойылып кеткен балықтың 14 түрі қайта көріне бастады. Тіпті, көптеп кездеседі десек те артық емес. Дәл қазіргі уақытта ауданда 8 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Осы арқылы жыл басынан бері 1705 тонна балық өңделіп, одан 1 446 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылды. Оның арасында Ресей, Польша, Украина, Қытай, Нидерланд, Грузия, Әзірбайжан, Қырғызстан және Германияға дейін біздің балық жеткізілуде.
Сонымен бірге Қосжар ауылында орналасқан «Қамыстыбас» балық өсіру питомнигі мен оның «Тастақ» учаскесінде балық өсіруге арналған арнайы инкубациялық цехтар бар. Облыс көлемінде табиғи су айдынының балық қорын көбейту үшін республикалық бюджеттен жыл сайын 14 миллионға жуық бір жылғы майда шабақ пен 400 мыңнан астам екі жылғы шабақ жіберіледі. Негізіне осы питомник арқылы балықтар Кіші Арал теңізіне және Ақшатау көлдер жүйесі мен Приморский, Қамыстыбас көліне жіберіледі.
Құланды ауылдық округінің жас кәсіпкері консервіленген балық өнімдерін шығару жобасы бойынша мемлекеттік бағдарлама арқылы грант қаражатын жеңіп алып, өз ісін бастап кетті. Міне, ауданда осындай кәсіпкер болуға ұмтылғандардың қарасы көбейе түсті. Оның үстіне, мемлекет тарапынан бизнесті қолдайтын бағдарламалар шығуы жас кәсіпкерлерге үлкен көмек болды. Өйткені облыс көлемінде 2018-2020 жылдар аралығында бизнеске түбегейлі бет бұрып, кәсіп жасап кеткендер саны өсе түсті. Мысалы, ауданда қазір 4 249 шағын және орта бизнес субъектісі тіркелген. Оның жұмыс істеп тұрғаны – 85,8 пайыз. Былтырғымен салыстырғанда өсім бар. Сонымен қатар «Бастау Бизнес» жобасының үшінші легінде жалпы 120 азамат оқу курстарын аяқтап, сертификатын алды.
Ауданда үш жылыжай бар. Бірі қаланың оңтүстік-шығыс бетінде. 2015 жылы «Арал Органик» ЖШС өз қаржысы есебінен 6,5 млн теңге көлемінде аумағы 1 гектар жылыжай қондырғысын салды. Одан бөлек, 2016 жылы Аралқұм ауылындағы №61 орта мектебі жанынан Біріккен Ұлттар Ұйымының «Даму» бағдарламасы арқылы 3 миллион теңгеден астам грант есебінен «Фермер-7,5» жылыжайы орналастырылды. Сол жылы Аманөткел елді мекенінде №73 орта мектебі жанынан Аралқұмдағы жобамен бірдей, қаржысы да ұқсас жылыжай салынды. Жылыжайларда қызанақ, қияр, картоп, пияз, баклажан өнімдері егіледі. Жиналған өнім өз шығынын өтеу үшін аудандағы сауда дүкендерінде сатылуда. Бұдан бөлек, түйе жүнін пайдаға жарату ісі бар. Жылы әрі емдік қасиеті бар түйе шудасын көрші Қытайға тасымалдау жобасы алдағы уақытта іске аспақ. Сонымен бірге ауданда қолөнер шеберлерінің жұмыстарына қолдау көрсету жағы қарастырылуда.
Айта кететін жайт, Арал теңізі бүкіл әлемнің назарында. Себебі аудан, облыс тұрғындарынан бөлек, шетелдік азаматтар көп келіп, демалатыны бар. Соның арасында Қамбаш көлі, «Көкарал» бөгеті, «Ақлақ» су тоспасы, Ақеспедегі ыстық минералды су бұлағы секілді нысандар. Мысалы, Ақеспеге Атырау мен Ақтөбеден адамдар келіп, ыстық бұлақты ем ретінде қолдануда. Әсіресе, Ақиректегі Арыстан баб жайы. Баба басына барар жолды жаңарту, ауызсу мен электр желісін тарту жұмыстарын іске асыру керек. Міне, аудандағы киелі жерлерге сырт елдегі туристерді тарту жұмыстарын ойластыру қажет.
Бұл дегеніміз – аудан экономикасы дамуының басты көзі. Жалпы көлемі 494 гектар жерді құрайтын «Қамбаш» демалыс аймағын құру жұмыстары жалғасын табуда. Қазір кәсіпкерлер демалыс аймағына 104-ке жуық нысан салып, оған тиісінше 30 млн теңгеден аса инвестиция құйылып отыр. Көл жағалауында катер, үрлемелі қайық, катамаран, гидроцикл сынды жүзу құрылғылары тынығушыларға қызмет көрсетеді. Құрылыс жұмыстарына 350-ден астам жергілікті жұмысшы тартылса, 108-ден астам адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Жалпы, демалыс аймағына былтыр 89 мыңнан астам адам келген.
Соңғы үш жылда ауданға 62,2 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Соның арқасында 33 мыңнан астам халқы бар Арал қаласы толық газдандырылды. Жалпы саны 5 810 тұрғын үй мен 192 әлеуметтік және кәсіпкерлік нысан көгілдір отынға қосылды. Ал биыл Жақсықылыш кентіне газ жүргізуге 389,3 млн теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Бұдан бөлек, 23,7 млрд теңге құрылыс жұмыстарына бөлінді. Оған әлеуметтік салада 8 мектеп, 150 орынды орталық аурухана, коммуналдық бірпәтерлі 29 тұрғын үй, өрт сөндіру депосы, спорттық-сауықтыру кешені, сот ғимараты, 3 полиция бөлімшесі, «Арал» компрессорлық стансасы, мәдениет үйі, «Рәміздер» алаңы, 4 ашық спорт алаңы, балаларға арналған 2 ойын алаңы салынды. Оған қоса, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында қосымша 3 дәрігерлік амбулатория, 6 медициналық пункт, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт тұрғызылды.
Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында қыруар жұмыс атқарылды. Мысалы, аудандағы 17 кондоминимум нысандарға жөндеу жұмысы жүргізіліп, Сексеуіл кенті, Аманөткел, Қамыстыбас, Шижаға, Аралқұм, Бөген, Конту ауылдарындағы сумен қамту жүйелері жаңартылды. Құрылыс мұнымен тоқталмай, 250 орынды Оқушылар үйі, Сексеуілдегі 40 төсектік аурухана мен №231 орта мектепке қосымша 100 орынды оқу корпусы, Арал қаласынан қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, Сексеуіл мен Сазды ауылында биотермиялық шұңқырлардың құрылысы жүргізілуде.
Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы