Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Bek Air билеттерді қайтармайды

Bek Air билеттерді қайтармайды

Bek Air әуекомпаниясы лицензиясын қайта алмайынша билеттерді қайтару мүмкін емес.
Bek Air компаниясы тиісті органға оператордың сертификатын тоқтата тұруды заңсыз деп мәлімдеді, деп хабарлайды sputniknews.kz.
Әуекомпанияның сайтында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігіне жіберілген тиісті үндеу жарияланды. Құжат 2020 жылғы 9 қаңтарда берілген.
Әуекомпанияның мәліметінше, жазбаша тапсырыссыз билетті қайтару немесе қайта брондау мүмкін емес.
«Бізге тоқтата тұру себептері туралы жазбаша түрде түсіндірілген жоқ. Біз бұл істі өрескел бұзушылық деп санаймыз, өйткені 34-тармақта (сертификат беру ережелері – Sputnik) егер оператордың куәлігі тоқтатылған немесе қайтарып алынған болса, уәкілетті ұйым дереу операторға хабарлауы тиіс», – делінген хатта.
Компанияның мәліметінше, 2020 жылдың 9 қаңтарындағы жағдай бойынша бұл талап орындалмаған.
Bek Air азаматтық авиацияның операторларға сертификат беру ережелеріне сілтеме жасайды, оған сәйкес Қазақстанның авиациялық әкімшілігі бірнеше себептер бойынша сертификатты тоқтата тұруға құқылы:
– оператордың сертификаттау талаптары мен шектеулерін сақтамауы;
– Қазақстан Республикасының сақтандырудың міндетті түрлері туралы заңнамасының талаптарына сәйкес сақтандыру ұсынбау;
– инспекциялық тексерулер кезінде, оның ішінде шет елдерде анықталған немесе ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін бірінші деңгейдегі бұзушылықтарды анықтау;
– оператор жазбаша өтініш берген жағдайда.
Алайда, компанияның айтуынша, авиация әкімшілігі оператор куәлігін тоқтата тұру себептері туралы жазбаша түсініктеме бермеген.
Еске салайық, компания 2019 жылдың 27 желтоқсанында Алматы маңында Bek Air жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауынан кейін уақытша тоқтатылған болатын. Ұшақта 98 адам болған. Апат салдарынан олардың 12-сі қайтыс болды.
Аталған мәлімдемеге орай, саясаттанушы Расул Жұмалы facebook әлеуметтік желісінде төмендегідей жазба қалдырған.
«Атышулы Бекэйр компаниясы орын алған апаттан соң ұшпай қалған ұшақтарына алынған билеттер құнын азаматтарға өтемейтінін мәлімдепті. Бұл барып тұрған сорақылық. Жекелеген компанияның былығы мен көрсетілмеген қызмет үшін қарапайым адамдар неліктен жапа шегу керек. Меніңше аталған жағдайда үкімет иә Бекэйрды тәртіпке шақыру қажет, болмаса өзі лицензия берген әуекомпанияның жауапкершілігін өз мойнына алу керек», – деп жазады ол.
13 қаңтар 2020 ж. 499 0