Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » БЕКБАУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

БЕКБАУЫЛДА КӘСІПКЕРЛІК КЕҢ ҚАНАТ ЖАЙЫП КЕЛЕДІ

Аудан әкімінің ауданға қарасты ауылдық округтердегі өткізіліп жатқан есепті кездесуі жалғасуда. Бүгін аудан басшысы М.Оразбаев Бекбауыл жұртшылығымен кездесіп қайтты. Жиында алдымен учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округ әкімі Ә. Сейітов есепті мерзімде атқарылған жұмыстарды баяндады.
Бірқатар тындырымды тірліктер жүзеге асқан бұл ауылда да даму байқалады. Әсіресе, кәсіпкерлік саласына бетбұрыс көңіл көншітерлік.
Бекбауыл ауылдық округіне қарасты 3 елді мекенде барлығы
300 үй, 1791 адам тұрады.
Қазіргі таңда округ бойынша екі орта мектеп, бір негізгі мектеп, екі клуб, екі кітапхана, бір дәрігерлік емхана, екі медициналық пункт, бір байланыс бөлімшесі, бір ветеринариялық пункт, үш су айдау станциясы, екі мешіт халыққа қызмет көрсетуде.

2019 жыл көлемінде ақылы қоғамдық жұмыспен 45 адам, жастар практикасымен 5 адам қамтылды. Көктемгі және күзгі әскер қатарына шақыртушылар бойынша округтен 7 азамат әскер қатарына жөнелтілді.
Бекбауыл ауылдық округіне қарасты Үкілісай елді мекеніне
ұзындығы 400 метр болатын 10 электр шамы орнатылды.
Бүгінгі күні, округ бойынша 42 жеке кәсіпкер және 15 шаруа қожалығы, барлығы 57 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Оның ішінде, 2019 жылы 13 жеке кәсіпкер мен 1 шаруа қожалығы тіркеліп, жұмыс жасауда.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында «Бастау-Бизнес» бойынша 14 азамат, «Бизнес-Кеңесші» бойынша 3 азамат оқуларын бітірді.

Сонымен қатар, аталған бағдарлама аясында жеке кәсіпкер Г. Көптілеуованың тігін цехы, жеке кәсіпкер А.Шарапатовтың шаштаразы, жеке кәсіпкер Р. Байниязовтың темір бұйымдарын дәнекерлеу жобасы мен жеке кәсіпкер Ж.Боранбаевтың техникалық қызмет көрсету орталығы, жеке кәсіпкер Х.Елеусізованың кондитерлік өнімдер цехы жеке кәсіпкер А.Қанатбекова мен Г.Ақмағанбетованың қой өсіру жобалары 505 мың теңге қайтарымсыз грантқа қол жеткізді.
Жалпы округ көлемінде мал басын көбейтуге қаржылық несие ұйымдары арқылы жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары 8 жоба бойынша 38,0 млн. теңге несиеге қол жеткізілді.

Жиын барысы мұнан әрі аудан әкімінің есебіне ұласып, аудан басшысы Мұхтар Оразбаев жыл бойы атқарылған жұмыстарды саралап, айқындалған алдағы мақсат-міндеттерге тоқталды. Жергілікті жұртшылықтың оң бағасын алған аудан басшысы кездесуде тұрғындар тарапынан қозғалған мәселелерге заңдылығы мен кезектілігіне сәйкес жауап берді.

#Аралауданы
#Есепберу
#МұхтарОразбаев
#Ауданәкімі
26 қаңтар 2020 ж. 671 0