Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ПРОКУРОРЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

АУДАН ПРОКУРОРЫ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында аудан прокуроры Асхат Тәженовтың төрағалығымен жиын өткізілді. Жиында алдымен аудан прокуроры полиция қызметкерлеріне қоғамдық тәртіпті сақтау мақсатында әкімшілік айыппұлдарды өндірудің тиімділігін түсіндіріп, осыған орай атқарылатын жұмыстардың күшейтілу қажет екендігін айтып өтті. Қазіргі таңда жеке тұлғалар үшін әкімшілік айыппұлдардың заңға сәйкес жеңілдетілген тәртіппен 7 күн ішінде 50%-ын өтеу қарастырылған.
Сондай-ақ, мәжілісте маскүнемдік және наркологиялық есептегі азаматтарды мәжбүрлі түрде емдеуге жіберу мәселесі айтылып, сағат 23:00-ден кейін сауда орындары мен дүкендерде алкогольді ішімдіктерді сату жағдайларына жол бермеу мәселелері тапсырылды.
Кездесу барысында аудан прокуроры А.Таженов шартты түрде мерзімінен бұрын босап келген және пробациялық есептегі азаматтарды бақылауда ұстау, қайта қылмыс жасауын болдырмау мақсатындағы профилактикалық шараларды күшейту және оларға әлеуметтік, құқықтық көмек көрсету, жұмысқа орналасуына, кәсіппен айналысуына жәрдемдесу қажет екендігін жауапты мамандарға тапсырды.
Жиын соңында аудан прокуроры ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар жөнінде және бірнеше қылмыс түрлерінің жазалары қатаңдатылғандығына тоқталып, аталған өзгерістер туралы халық арасында кеңінен түсіндіру туралы тапсырмалар жүктеді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
11 ақпан 2020 ж. 803 0