Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтардың өз балалары алдындағы берешегі 54 млн теңгені құраған

Аралдықтардың өз балалары алдындағы берешегі 54 млн теңгені құраған

Қызылорда облысы Арал ауданында әр айда пробация есебінде тұрған 5 адамды қызметке орналастыру жобасы жемісті жүзеге асырылып жатыр, – деп хабарлайды Хабар NEWS.
Жыл басынан бері жұмыссыз ретінде тіркелген 47 сотталған азаматтың 42-сі екі қолға бір күрек тапты. Мамандығы жоқтары «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында оқытылып, жазасын өтеп шыққан 3 тұрғын 505 мың теңгеден қайтарымсыз грантқа ие болды. Аудан прокурорлары сондай-ақ алимент өндіру ісін де ерекше назарға алып отыр. Өйткені міндетті төлеуден қасақана жалтарған аралдықтардың өз балалары алдындағы берешегі 54 млн теңгенің үстіне шыққан.
Заңмен некесін бұзған азаматтардың басым бөлігі тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны мен табысын жасырады. Сот орындаушылар 750 өренге тиесілі ақшаны алып бере алмай жауапсыз әкелермен алысып әлек.
19 ақпан 2020 ж. 621 0