Қызылорда облысында қауіпті індеттен жазылғандар саны 169 адамға жетті

12 мамыр 12:30-дағы ақпарат бойынша Қызылорда облысында тағы 8 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан.
Індеттен айыққандардың қатарына соңғы қосылған науқастар – Қызылорда қаласы мен Шиелі ауданының тұрғындары.
Осылайша коронавирустық инфекциядан жазылғандар саны өңірде 169 адамға жетіп отыр.
Аталған науқастардан 2 реттен сынама тест алынып, бәрі теріс мәнді нәтиже көрсеткен.
Олар алдағы 14 күнде дәрігерлердің бақылауында болады.