«АҚМЕШІТ- АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ», «АШЫҚ ӘКІМДІК» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕЛЕРІНІҢ ЖҰМЫСТАРЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Өткен аптада ауданымызға осы бағытта атқарылып жатқан шаралардың барысымен танысу мақсатында, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Ниязов Бақытжан Мақсұтұлының қатысуымен арнайы кездесу өткізілді.
Басқосуға аудан әкімінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, дербес бөлім басшылары, қоғамдық кеңес өкілдері, білім беру ұйымдарының басшылары, колледж директорлары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сонымен қатар, қала, кент, ауылдық округ әкімдері аудио селекторлық байланыс арқылы қамтылды.
Кездесуде алдымен аудан әкімі Мұхтар Оразбаев өңірдегі сыбайлас жемқорлықпен күрес және оның алдын алуға бағытталған шараларға қысқаша тоқталды. Соның ішінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы игілікті бастаманы жүзеге асыру мақсатында өткен жылдан бастап аудан көлемінде «Ақмешіт – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің аудандық жұмыс тобы құрылып, өз жұмысын жүйелі жүргізіп келе жатқанын жеткізді.
Атап өту керек, бүгінде мемлекеттік қызметшілердің халық үшін ашықтығын және қолжетімділігін арттыру, «Ақмешіт – адалдық алаңы», «Ашық әкімдік» жобаларын жүзеге асыру мақсатында аудан әкімдігі ғимаратының бірінші қабатында ашық кеңсе жабдықталып, аудан тұрғындарына тұрақты түрде қызмет көрсетуде.
Жиын барысында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов сөз алып, аймақ бойынша сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен күрес жұмыстары туралы өз тәжірибелері негізінде баяндады. Соның ішінде мемлекеттік қызмет алуда адами факторды азайту, қоғамдық бақылауды жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жайлы сөз қозғады.
Түптеп келгенде аталған жұмыстардың барлығы мемлекеттік қызмет сапасын арттыруға, оның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге, жемқорлықты азайтуға қызмет етпек.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.