Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда ҚР Конституциясының 25 жылдығы аталып өтті

Ауданда ҚР Конституциясының 25 жылдығы аталып өтті

Күні кеше аудан әкімі Мұхтар Оразбаев ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған басқосуға қатысты.
Жиын барысында аудан басшысы Конституциямыздың маңыздылығына тоқталып:
«Қай мемлекетте де оның әрбір азаматының ерік-жігері мен таңдауы сол елдің басты Заңы, Конституция аясында жүзеге асады. Конституция қағидаттары сақталған, аяққа басылмаған, құрметтелген әрі ұдайы назарда болған мемлекетте ғана саяси тұрақтылық пен берік ахуал орныға алады. Қазіргі кезде, ҚР-ның Конституциясы барлық ұлттық құндылықтар мен азаматтық қадір-қасиеттің негізіне айналып, мемлекеттіліктің бастауы мен біртұтастығының қайнар көзі ретінде де орнықты. Осылайша арада өткен 25 жыл ішінде ұлтқа пайдасын тигізе алатындай тиімді экономика тетіктері жасақталып, демократиялық қоғамның негіздері қаланғаны анық», - дей келе, шараға қатысушыларды еліміздің ұлық мерекесі Ата Заңымыздың 25 жылдық мерейтойымен құттықтады.

Бұдан кейін ауданымыздың дамуы мен өркендеуіне үлес қосқан бір топ азаматқа «ҚР-ның Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

Марапатталғандар арасында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы К.Айбосынов, ҚР-ның Мәдениет қайраткері, композиторлар одағының мүшесі М.Сыдықов, Арал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ә.Садықбай, Қазақстан халқы ассамблеясының аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Н.Оспанов, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы А.Жоланов, аудандық мәслихат депутаты А.Асанбаев, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Т.Қанатов және Сапақ ауылдық округінің әкімі С.Әлмырзаев, аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Т.Дәрменов, Арал қаласының әкімі А.Тасқынбаев, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т.Ұзақов, аудандық білім бөлімінің басшысы С.Жанназарова, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғ.Тоғысова бар.

29 тамыз 2020 ж. 441 0