Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен ауданда болды

Облыс әкімінің орынбасары жұмыс сапарымен ауданда болды

Күні кеше облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов жұмыс сапарымен ауданға келіп, жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарымен танысып, қысқы дайындық жұмыстарының жай-күйін пысықтады.
Облыс әкімінің орынбасары ең алдымен аудандық төтенше жағдайлар қызметінің қысқы дайындық жұмыстарын бақылау мақсатында ұйымдастырылған саптық түзеуге қатысты.

Мұнан соң, облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлейменов ауданға қарасты Жақсықылыш кентіндегі дене шынықтыру, сауықтыру кешенінің құрылысын көрді. Қазіргі таңда мұнда құрылыс қарқынды жүріп жатыр.
Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары кенттегі №19 орта мектебіне жапсарлас құрылыс жұмыстарымен танысты.

Одан әрі аудан орталығынан кейінгі халық саны басым Сексеуіл кентіне ат басын бұрған облыс әкімінің орынбасары темір жолдың екінші бетінен салынып жатқан жаңа мектептің және кенттегі 40 орынды аурухананың құрылыс жұмыстарымен танысып, құрылыс басындағы жұмыстарға куә болды.

Сапар соңында аудан әкімдігінде салалық басқарма басшыларының қатысуымен қорытынды мәжіліс өткізді. Басқосуда қысқы дайындық, құрылыс мәселелері кеңінен талданып, жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
21 қараша 2020 ж. 556 0