Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралда кәсіпкерлік қарқынды дамуда

Аралда кәсіпкерлік қарқынды дамуда

   Жыл басынан бері, аудандағы шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 4 089 болса, оның ішінде жұмыс жасап тұрған субъектілер саны 3 712 құрады, - делінген аудан әкімі М.Оразбаевтың есепті баяндамасында.
     Аудан басшысының айтуынша жыл ішінде аудандағы бөлшек сауданың көлемі 7,3 млрд. теңгеге, көтерме сауда 12,2 млрд теңгеге жетті.
     Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы 64 жобаға 203,8 млн. теңге, өңірлік инвестициялық орталық арқылы жалпы құны 106,0 млн. теңге болатын  23 жоба қаржыландырылса, «Агробизнес» бағдарламасы арқылы мал санын арттыруға бағытталған жалпы құны 254,4 млн. теңге болатын 32 жоба қаржыландырылған.
Тағы оқыңыз: Аралда индустриялық-инновациялық даму байқалады
   «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктер арқылы жалпы құны 173,0 млн. теңге болатын 7 жоба субсидияланды.
   Жалпы қаржы институттары арқылы 794,1 млн. теңгенің 128 жобасы қаржыландырылса, оның 53,1 пайызы, яғни 68 жобасы кент және ауылдық округтердің үлесінде.
Тағы оқыңыз: Биыл Аралдағы тарихи оқиғаға 100 жыл
  Аудан аумағынан өтетін «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік көлік дәлізі бойынан 4 жол бойы сервистік нысандары қызмет көрсетіп келсе, бұған қосымша жеке кәсіпкер    Т. Жалғасбековтың бастамасымен «С» және «Д» санатындағы жол бойы сервистік қызмет көрсету кешені пайдалануға берілген. Бұған қоса, Арал қаласынан «Adiya», «Дария»,  «Ер-Нұр» дүкендері, «Эврика», «Мирас», «Ақ ниет», Технодом сауда нысандары, «Мой-сам» қызмет көсету орталығы, «Хан шатыр» қоғамдық тамақтану орталығы,  «IQ center» білім беру орталығы іске қосылып, Сексеуіл кентінен «Махамбет» сауда нысаны да биылғы жылы өз жұмысын бастады. 
Н. Бақыран
21 қаңтар 2021 ж. 812 0