Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал ауданы әкімі қала тұрғындарына есеп берді

Арал ауданы әкімі қала тұрғындарына есеп берді

Бүгін аудан әкімі М. Оразбаевтың Арал қаласы тұрғындары алдындағы есепті кездесуі онлайн форматта өткізілді.Аудан басшысы алдымен жұртшылыққа ауданның өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін баяндап, өңірдегі әрбір атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы ауқымды міндеттермен таныстырды.

Жыл көлемінде қаладағы 16 көшеге түнгі жарық шамдары орнатылған. 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай қаладағы Абай көшесін аббаттандыру жұмыстары кең көлемде жүргізілі, бордюрлер, көгалдандыру үшін темір қоршаулар, LED экрандар орнатылып, жарық бағандары безендірілді.

Сонымен бірге аудандық сот ғимаратының аумағы мен қаладағы № 220 мектеп ғимаратының ауласына абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Арал қаласынан 1 қабатты 4 пәтерлі 10 кредиттік тұрғын үй , қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған полигон, 250 орындық оқушылар үйінің құрылысы аяқталды. Сондай-ақ, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі ғимаратын қайта құру (реконструкция), кеңес беру диагностикалық емханасына, № 19 олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебіне жай жөндеу, Арал қаласындағы көпсалалы колледжіне және индустриалды техникалық колледжіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бұдан бөлек, «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында қаладағы 33 көшенің 25-не асфальт жабындысы, 8 көшеге қиыршық тас төселіп, орташа жөндеуден өткізілді.

№1 мөлтек ауданына ауыз су жүйесі жүргізіліп, су құбырының қысымын бір қалыпты ұстау мақсатында жаңадан су айдау стансасының құрылысы салынып, іске қосылды.

Аудан әкімінің есепті баяндамасынан соң жиынға қатысушылар ұсыныс-пікірлерін айтып, сауалдарын қойды. Тұрғындар тарапынан қаладағы кейбір көшелердің түнгі жарығы, темір жол өткелі, спорт кешені, ойын алаңы, баға тұрақтылығын сақтау, ескі балабақшалар мәселелері айтылды.
Аудан басшысы әр сұраққа жауап беріп, ең алдымен халықтың ұсыныстары ескеріліп, тиісті жұмыс жасалатындығын жеткізді. Қала тұрғындары жыл көлемінде атқарылған жұмыстарға жақсы баға беріп, атқарушы биліктің өңірді өркендету жолындағы қызметтеріне алғыстарын білдірді.



"Толқын" ақпарат
02 ақпан 2021 ж. 884 0