Арал балығы Германияға экспортталды
Арал ауданында жылдық қуаттылығы 23 900 тоннадан асатын 9 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның 5-еуі балықты тереңінен өңдейтін болса, қалған 4-еуі балықты қатыру, мұздату және ыстау сияқты өңдеумен айналысады. Қазіргі таңда, Арал ауданы Қосжар елді мекенінде орналасқан «Қамыстыбас балық питомнигі» РМКҚ арқылы жылына 14,8 млн дана майда бір жылғы шабақ және 420 мың екі жылғы шабақ Кіші Арал теңізіне және көлдер жүйесіне жіберіліп өсірілуде. Өткен жылы 6 214 тонна балық ауланса, өңделгені 5 388 тоннаны құрады. Оның ішінде, 2 159 тоннасы Ресей, Қытай, Германия, Польша, Грузия мемлекеттеріне экспортқа шығарылды. Сонымен қатар, Кіші Арал теңізіндегі балық қорын сақтап қалу мақсатында Аралды құтқару қоры арқылы «Көкарал» су тоспасына гидроакустикалық құрылғы орнатылды. Арнайы жобаның құрылысына 150 млн – ға жуық қаржы тартылған.
syrboyi.kz