Аралдың құрылысы қарқынды
Жұмыспен қамту жол картасының шеңберінде Сексеуіл кентіндегі 300 орындық мектеп құрылысы, Арал қаласындағы кеңес беру диогностикалық емханасына, №19 олимпиада резервінің балалар мен жасөспірімдер мектебіне жәй жөндеу, Жақсықылыш кентіндегі дәрігерлік амбулаториясына жөндеу, мұрағат ғимаратына, Арал қаласындағы көпсалалы және индустриалды-техникалық колледжіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік аурухана құрылысы өтпелі жоба ретінде 2020-2021 жылдарға жоспарланған.
Бұдан басқа Арал қаласындағы №71 мектеп-интернаты құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленді. Жобаның жалпы құны 1,3 млрд теңге осы жылы құрылысы басталады деп күтілуде.
Аталғандардан бөлек, мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Шижаға елді мекенінен дәрігерлік амбулатория құрылысы салынып пайдалануға берілді.
"Толқын" ақпарат