Онлайн форматта оқу семинары өткізілді
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына көшу туралы тапсырмасына сәйкес, халықпен кері байланыстың тиімді жүйесін жолға қою бөлігінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының фронт-офистер базасында «Нәтиже» пилоттық жобасын іске асыру көзделуде. Аталған пилоттық жобаны мемлекеттік корпорация базасында біздің өңірімізде іске асыру мерзімі 2021 жылдың 15 ақпаны мен 28 ақпан аралығында жоспарланып отыр. Бұл ретте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау «Е-Otinish.kz» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Осыған сәйкес, аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Бохаевтың төрағалығымен аппарат қызметкерлері, барлық дербес бөлім, қала, кент, ауылдық округ әкімі аппараттарының жауапты мамандарының қатысуымен онлайн форматында арнайы оқу өткізілді. Оқу барысында аталған жобаның мақсаты, оны іске асыру тетіктері туралы кеңінен талқыланып, жауапты мамандарға дайындық жұмыстарын пысықтауға қатысты тиісті тапсырмалар жүктелді.
Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі