Аралдықтар Семей полигоны зардабынан қаза болғандарды еске алды

Семей полигонында Отан алдындағы борышын өтеп, зардап шеккен отандастарымыз арасында 130-дан аса аралдықтар да болды. Невада-Семей» қозғалысының бастамасымен Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Жарлығымен 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны жабылған болатын.
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов Семей полигоны ардагерлерімен бірге ядролық сынақтың салдарынан қаза тапқан азаматтарға арналған ескерткіш тақтасына гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.
Еске алу рәсімінде ядролық қарудың зардабынан қаза болған ардагерлердің рухына Құран бағышталды.
"Толқын" ақпарат