Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аралдықтар тазалық акциясына қатысты

Аралдықтар тазалық акциясына қатысты

Қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың басты міндеті саналады. Сенбілік жұмыстарының қоғамның назарын тазалық сақтауға аударып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызы зор.
Бүгін ауданда «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында төңіректің санитарлық жай-күйін қалыпты сақтау мақсатында тазалық шаралары белсенді түрде өткізілді. Аудан көлемінде қызу жүргізілген шараға тұрғындар, мекеме ұжымдары, еріктілер біркісідей атсалысып, қала аймағын тазалау жұмыстарын қарқынды жүргізді.
Тазалық акциясына жұмыла кіріскен қатысушылар айналаны тазартып, қоқыс қалдықтары мен қажетсіз заттарды тиісті орынға шығарып, ортақ мекеніміздің көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталды.
Барлық тұрғындарды өзі тұратын үйдің ауласын таза ұстап, рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс қалдықтарын тастамай, қала тазалығының сақталуына үлес қосуға шақырамыз.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 
21 наурыз 2021 ж. 907 0