Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қаратерең ауылы жаңа кәсіпкерлік нысанмен толығады

Қаратерең ауылы жаңа кәсіпкерлік нысанмен толығады

Бүгін аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жұмыс сапарымен Қаратерең ауылдық округінде болды. Сапар барысында ауылдық елді мекендердегі кәсіпкерлік аясын кеңейтіп, дамыту бағытында семинар өткізілді.
Семинарға аудандық мәслихат хатшысы Базарбай Төрахметов  және кент, ауылдық округ әкімдері мен кәсіпкерлер қатысты. Жергілікті жерде кәсіпкерлікті дамыту арқылы тұрғындарды жаңа жұмыс орнымен қамтуды мақсат еткен басқосуда кент, ауылдық округ әкімдері атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, өз тәжірибелерімен бөлісті. Соның ішінде өз бизнестерін дөңгелетіп, табысты еңбек етіп келе жатқан кәсіпкерлердің жұмысы негізге алынып, кәсіп ашуға ниетті тұрғындарға түсіндірілді.
Еркін форматта өткен жиында аудан басшысы кәсіп ашамын деген азаматтарға қолдау көрсету қажеттігін айтып, ауылдық округ әкімдеріне кәсіпкерлік саласын ілгерілету бағытындағы жұмыстарды жандандыруды тапсырды.
Одан әрі ауылдың тыныс-тіршілігімен танысқан аудан әкімі бірнеше әлеуметтік нысандарды аралады. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаты, жергілікті кәсіпкер Батырхан Прекеевтің  жаңадан салынып жатқан кәсіпкерлік кешенімен танысты. Алдағы уақытта кәсіп иесі осы жоба аясында жергілікті 15 тұрғынды жұмыспен қамтуды жоспарлауда.




"Толқын" ақпарат

21 мамыр 2021 ж. 1 209 0