Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Соңғы қоңырау»: Қызылордада қоғамдық тәртіпті қадағалау күшейтілді

«Соңғы қоңырау»: Қызылордада қоғамдық тәртіпті қадағалау күшейтілді

Қызылорда облысында «Соңғы қоңырау» кезінде қоғамдық тәртіпті қадағалау күшейтілді.
Қызылорда өңірінің полицейлері бұл салтанатты шараның өткізілуі кезінде қоғамдық қауіпсіздікті  күшейтті.
Білім басқармасының мәліметіне сәйкес, биыл  облыс бойынша барлығы 293 мектепті 7006 түлек бітіреді.
«Соңғы қоңырау» салтанатты шара барысында облыс  бойынша қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлығы 600-ге жуық қызметкер және 93 қызметтік автокөлік жұмылдырылды.
Сонымен қатар, мектеп бітіруші түлектердің қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету үшін қалалық мәдени-демалыс паркі, орталық алаңда, жастар көп шоғырланатын орындарда білім беру ұйымдарының директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Полиция департаментінің және қалалық Полиция басқармасының  қызметкерлерімен бірлесіп қызмет атқарады.

kyzylorda-news.kz
25 мамыр 2021 ж. 638 0