Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкім сайлауына «Ақжол» партиясы атынан 4 кандидат тіркеуден өтті

Әкім сайлауына «Ақжол» партиясы атынан 4 кандидат тіркеуден өтті

ҚР Парламенті депутаттары облыс тұрғындарымен кездесіп, ауыл аралап, елмен жүздесуде. Ауыл кәсіпкерлерімен де кездесу ұйымдастырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов мәлімдеді.
«Алдымен Арал ауданында болып, алыс ауылдарды араладық. Қызылорда өңіріндегі табиғат қолайсыздығына байланысты орын алып жатқан су тапшылығы, мал азығының азаюы бүгінде өзекті мәселе болып отыр. Бұл орайда жергілікті билік қол қусырып отырмағанын көрдік. Қолдарында нақты жоспар бар екенін білдік. Алдағы уақытта мал азығын жеткізу, субсидияны тездетіп бергізу, малдың қырылып қалмауын болдырмауды қолға алу керек. Су тоғанандарына барып, салынып жатқан бөгеттерді көзбен көрдік. Қолдарына шалғы ұстаған жастардың бастамасына қуандық. Қарапайым халықпен жүздестік. Ауыл кәсіпкерлерімен де жолығып, мәселелерін тыңдадық. Енді елдің аманатын арқалап барамыз», – деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» ҚДП фракциясының мүшесі Берік Дүйсембинов.
Айта кету керек, 25 шілдеде өтетін ауыл әкімдері сайлауына «Ақжол» партиясы атынан 4 кандидат тіркеуден өтті.

kyzylorda-news.kz
12 шілде 2021 ж. 334 0