Қызылордада тағы 2 ауылдың әкімі сайланды

«Екі ауылдық округтің әкіміне барлығы 9 кандидат ұсынылды. Алайда 6-ы ғана сайлауға қатысты. Аққұм ауылдық округінен жоғары нәтиже 731 дауысқа ие болған Жандәулетов Нұрбек Сауренұлы ауыл әкімі болып сайланды. Ал Талаптан ауылдық округінен 1816 дауыс берушінің сенімінен шыққан Өмірәлі Амангелді Шералыұлы ауыл әкімі болды. Екеуі де «Нұр Отан» партиясы атынан ұсынылған », – деді Ғалым Баймырзаев.
Жалпы, бұл сайлауға 4 саяси партия өз үміткерлерін ұсынса, қалған 5-і өзін-өзі ұсынған кандидаттар. Талаптан ауылдық округі бойынша саяси додаға қатысуға ниетті 2 кандидаттың белгіленген біліктілік талаптарға сәйкессіздігі анықталуына байланысты тіркеуден бас тартылды. Ал 1 үміткердің өз өтінішіне сәйкес тіркеу туралы шешімі бұзылды.
kyzylorda-news.kz