Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Антитеррорлық оқу-жаттығу өткізілді

Антитеррорлық оқу-жаттығу өткізілді

Ағымдағы жылдың 12-тамызында Арал қаласында антитеррорлық оқу-жаттығу өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - террорлық қауіп төнген жағдайда мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасасуының дағдыларын қалыптастыру.
102 желісіне келіп түскен қоңырауға байланысты  келеңсіз жағдайдың алдын алу үшін  құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмылдырылды.
Оқу-жаттығуға байланысты №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің күрес залы штаб ретінде белгіленіп, оған өтуге шектеу енгізілді.
Тұрғындарға алаңдатушылыққа бой алдырмай, қауіпсіздік шараларын сақтап, оқу-жаттығу жұмыстарына қатысатын құқық қорғау органдары қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтау жөнінде әлеуметтік желелерде хабарламалар беріліп, дыбыс ұлғайтқыш құрылғылар арқылы құлақтандырылды.
Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жедел іс-әрекеттерінің нәтижесінде оқу-жаттығудағы терррорлық әрекеттер жасамақшы болғандар дер кезінде құрықталды.

Арал аудандық ішкі саясат бөлімі
13 тамыз 2021 ж. 455 0