Егемендік пен Елбасы – егіз ұғым

Қазір білекке емес, білімге сенетін заман. Осы заманның талабынан шыға біліп, өзінің ақыл-парасаттылығының арқасында талай жандарға үлгі болған Тұңғыш Президентімізді бүгінде білмейтін жандар кемде-кем. Тіпті, алпауыт мемлекеттердің басшылары да біздің Елбасымызбен ақылдаспай, әлемдік деңгейдегі мәселелерді талқыламайтын дәрежеге жетті. Мұның артында Қазақ елінің мерейі тұр дер едім. Біз осындай басшымыздың болғанына мақтанамыз. Күні бүгінге дейін Елбасы жүргізген сарабдал саясаттың нәтижесінде әр саланың тамырына қан жүгірді. Ішкі істер саласы да қоғам алдында өзінің жүйелі жұмыстарымен ерекшеленіп, қуатты органға айнала білді. Бүгінде қоғамның тыныштығы мен халықтың құқықтық тең дәрежеде өмір сүруіне жан-жақты жағдай жасалып келеді.
Иә, еліміздің дамуына өзінің ерік-жігерін аямай, әрбір қазақты жалғызым деп білген Ұлт Көшбасшысына біз қашанда дән ризамыз. Оның осы еңбегінің өтеуі және елдің алғысының белгісі ретінде еліміз 1 желтоқсанды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қылып белгіледі. Бұл мерекені тойлауда біздің балаларымыз Тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы басшысы кім және оның қандай жан болғанын мәңгілік естерінен шығармайды деп білеміз.
А.Байоразова,
аудандық полиция бөлімі бастығының кадр жөніндегі орынбасары