Мереке қарсаңында жаңа автокөліктер табысталды

Аудан басшысы полиция департаментінің материалдық-техникалық базасын жақсарту полицейлердің жұмысын тиімдірек етуге көмектесетінін атап өтті. Сонымен қатар ветеринария мамандарына берілген көлік сала мамандарының жұмысын оңтайландырып, діттеген жерге дереу жетуге мүмкіндік туғызатындығын және ауылдық жерлердегі мал шаруашылығына оң септігін тигізетіндігін айтты.
Айта кетейік, полиция инспекторларына берілген «JAC» маркалы автокөліктер Қаратерең, Аққұм және Ақбасты, Құланды ауылдық округтеріне, ал ветеринариялық станция мамандарына берілген «УАЗ» маркалы көліктер Атанши, Ақбасты, Сапақ ауылдық округтеріне жіберілді.




Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі