Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда екі медициналық бекеттің құрылысы жүргізілуде

Ауданда екі медициналық бекеттің құрылысы жүргізілуде

Биыл ауданда Сексеуіл кентіне қарасты Жалғызағым және Мергенсай ауылдық округіне қарасты Тастүбек елді мекендерінде медициналық бекет құрылысы жүргізілуде.

Бүгін аудан әкімі Серік Сермағамбетов аталған елді мекендерге барып, жаңадан салынып жатқан нысандардың құрылысын көрді. Медициналық бекеттің құрылысын жүргізіп жатқан мердігер мекеме өкілі аудан әкіміне ғимараттардың ішкі бөлмелерін және сыртқы ауласындағы жасалып жатқан жұмыстарды көрсетіп шықты.

Екі елді мекендегі нысанның құрылысын көрген аудан басшысы ауыл халқының саулығы үшін қызмет көрсететін медициналық бекеттің маңыздылығына тоқталып, мердігер мекеме өкіліне барлық жұмыстардың мұқият әрі сапалы түрде жүргізілуін тапсырды.

Атап өтейік, бұл нысандардың құрылысын «Ахат-Гс» ЖШС жүргізуде. Жалғызағымдағы медициналық бекеттің ішкі есіктерін орналастыру және ғимарат ауласын қоршалып жатса, Тастүбек елді мекеніндегі ғимараттың төбе жабындысы жабылуда.
"Толқын" ақпарат 

19 желтоқсан 2021 ж. 378 0