Татулықты көздеген ел берекелі тірлік кешеді

«Бірлік болмай, тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Өз жеріміздің бүтіндігін, халқымыздың амандығы ең алдымен тәуелсіздікті армандап кеткен дана қазақтың ұрпағының болашағы. Мәңгілік еліміздің ғұмырын баянды ету үшін бір болайық. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білу – ортақ парызымыз.
Өздеріңізге белгілі, тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап, біз береке мен татулыққа негізділген саясатты жүргіздік. Осы бетімізден қайтпауымыз керек. Тәуелсіздігіміздің туын желбіреп тұруы үшін біздің ауызбірлігіміз мықты болуы тиіс.
Қазіргі таңда Мемлекет басшысы аса үлкен бізге сенім артып, жауапкершілік жүктелді. Сол себепті, жұртшылықты сабырлы болуға шақырамын.
Батырхан ПРЕКЕЕВ,
аудандық мәслихат депутаты