Аудан әкімі Ауған соғысының ардагерлерімен кездесті

Жиында сөз алған аудан соғысының ардагерлері жастардың жұмысқа орналасуы, қала көшелерін жарықтандыру, қорғаныс істері жөніндегі аудандық бөлімшеге жаңа ғимарат қажеттігі, ауған соғысының ардагерлеріне арналған ескерткіш тақтасының қоршауын ретке келтіру, ардагерлерге шипажайларға ем қабылдау үшін жеңілдіктер қарастыру сынды мәселелерді айтып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.
Аудан әкімі айтылған мәселелердің орынды екендігіне тоқталып, өңірдегі жүзеге асырылып жатқан ауқымды жобалар арқылы ашылатын жаңа жұмыс орындары туралы айтып өтті. Бұдан бөлек қала көшелерін жарықтандыру жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп келе жатқанын айтып, аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім ғимараты республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатынын, бұл жөнінде тиісті орындарда ұсыныс хат жолданғандығын түсіндірді. Ал Ауған соғысының құрбандарына арналған ескерткіш тақта маңын күтіп-ұстау үшін және ардагерлердің шипажайларға жеңілдіктер арқылы баруы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетінін білдірді.
Кездесу соңында аудан басшысы ардагерлерді көктемгі және күзгі әскерге шақыру, сарбаздарды борышын өтеу үшін әскерге шығарып салу сынды патриоттық шараларға қатыстырудың маңыздылығын айтып, бүгінде түрлі салада еңбек етіп еліміздің дамуына үлес қосып жүрген азаматтардың жұмыстарына табыс тіледі.


Арал ауданы әкімдігінің қызметі