Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі жүлдегер оқушыларды қабылдады

Аудан әкімі жүлдегер оқушыларды қабылдады

Аудан әкімі С. Сермағамбетов Нұр-Сұлтан қаласында паралимпиадалық спорт түрі - боччадан өткен республикалық турнирде жүлделі орын иеленген оқушыларды қабылдады.

Елімізде тұңғыш рет бочча спортынан ұйымдастырылған жарыста республиканың әр аймағынан 98 бала бақ сынаған болатын. Айтулы додада сайысқа түскен №220 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Шаханова Жангүл I орынды, №83 орта мектебінің 8 сынып оқушысы Қанатбек Жанарыс жүлделі II орынды иеленді.

Кездесуде оқушылардың ата-аналарымен бірге жаттықтырушы ұстаздары да болды.
-«Сіздер республикалық турнирде оза шауып, жоғары нәтижеге қол жеткізу арқылы ауданның мерейін өсірдіңіздер. Бұл тынымсыз дайындық пен төккен тердің жемісі. Оқушыларды еліміздегі жаңа леппен дамып келе жатқан спорт түріне баулып, қызығушылығын арттырып, дайындаған үйірме жетекшілерінің еңбегі зор деп білемін. Сонымен бірге балалардың осы жарысқа қатысуына атсалысып, демеушілік жасаған азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Алдағы уақытта да спортты серік етіп, жоғары жетістіктеріңізбен ата-аналарыңыз бен ұстаздарыңызды қуанта берулеріңе тілектеспін. Денсаулықтарың мықты, болашақтарың жарқын болсын!»-деп аудан басшысы ізгі лебізін білдірді.

Мұнан соң жүлдегер оқушыларға аудан әкімінің құттықтауы мен естелік сыйлықтар және жаттықтырушы ұстаздары «Бочча» үйірмесінің жетекшілеріне алғыс хаттар табысталды.

"Толқын" ақпарат

19 ақпан 2022 ж. 657 0