Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді

Әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді

Кеше аудан әкімі Серік Сермағамбетовтің төрағалығымен әкімдік және аппарат мәжілісі өткізілді. Басқосуға дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Аудан басшысы ең алдымен әкімдік мәжілісінде қаралатын мәселелерге тоқталды. Әкімдік мәжілісінде 2021 жылдың қорытындысымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы сөз болды.

Әкімдік мәжілісінің күн тәртібіне енгізілген мәселе турасында аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Т. Рашев хабарлама жасап, негізгі көрсеткіштерді баяндап өтті. Өткен жылы коронавирустың таралуы аудан экономикасына да кері әсерін тигізіп, бірнеше кәсіпорындардың тауарларына деген сұраныс азайып, өнім өндіру көлемінің төмендегені байқалған.
Белгілі болғандай, есепті мерзімде ауданға 15 538 млн. теңге инвестиция тартылған. Ауданда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі 5 713 млн. теңге құрап 105,7 пайызға артық орындалса, салынған жеке тұрғын үйлер көлемі 11,0 пайызға артқан. Денсаулық саласында туу көрсеткіші 166 балаға артқан болса, аурушаңдық көрсеткіштері бойынша қатерлі ісікпен алғашқы рет тіркелгендер саны мен қан айналым жүйесі ауруларымен тіркелгендер саны азайып, ауданда тіркелген қылмыстар өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 3 бірлікке азайған.

Осы және өзге де баяндалған жұмыстардың көрсеткіштеріне куә болған аудан басшысы төмен көрсеткіштер бойынша жүйелі жұмыстар жасап, индикаторларлық жұмыстарды күшейту және қылмыстық ахуал, соның ішінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында профилактикалық шараларды жандандыру қажет екендігін алға тартты. Алдағы уақытта өнеркәсіп өнімдерін өндіру бойынша төменгі көрсеткіштерді алға қойып, тиісті қатаң шаралар қабылдап, талдау жасай отыра жұмыс жасауды тапсырды. Жаңадан ашылған өндіріс орындарындағы проблемалық мәселелермен айналысып алдын алу, сонымен қатар ауылшаруашылық саласында егістік көлемін арттыру бойынша ауылдық округ әкімдерімен тікелей жұмыс жасау керектігін білдірді. Бағаны тұрақтандыру бойынша да жұмыстардың баяу жүргізіліп жатқанын, бұл ретте жергілікті жерден өндірілетін өнімдердің бағасы көтерілмеуі және бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлерге шара қолдану керектігін жеткізді. Кәсіпкерлік саласы бойынша алдағы уақытта тағы да 2 әлеуметтік дүкен ашып, тоқтап қалған кәсіпкерлік нысандардың бәріне талдау жасауды, нысандардың қайта аяғынан тұрып кетуге мемлекет тарапынан көрсетілетін көмектерді түсіндіруді ескертті. Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығын жауапты орынбасарларына жетекшілік ететін салалары бойынша тікелей қадағалап отыруды тапсырды.

Жиын одан әрі аппарат мәжілісіне ұласып, күн тәртібінде маңызды деген бір мәселе кеңінен талқыланды.
Аппарат мәжілісінің күн тәртібіне қойылған мәселе жұмыспен қамту шаралары туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ғалия Тоғысова хабарлама жасады. Хабарламадан кейін аудан басшысы жұмыспен қамту бойынша ауылдық округ әкімдеріне жұмысты күшейту керектігін айтты. Тұрғындардың барлығына «Enbek.kz»- электронды еңбек биржасы арқылы азаматтардың түйіндемелері мен жұмыс берушілердің бос орындар туралы ақпараттар аталған базаға жинақталатынын, мемлекеттік және жекеменшік жұмыспен қамту орталықтары туралы деректер ашық ғаламторда кез-келген азаматқа қолжетімді болатынын кеңінен түсіндіру бағытында жұмыс жасау керектігін жеткізді.

Аппарат мәжілісінің қорытындысы бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, аталған тапсырмалардың орындалуын қадағалау аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Бохаевқа және аудан әкімінің орынбасарларына жүктелді.

Аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

23 ақпан 2022 ж. 453 0