Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Жақсықылыш кентінде жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі Жақсықылыш кентінде жеке қабылдау өткізді

Аудан әкімі С. Сермағамбетов Жақсықылыш кентінің тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға келгендер жұмысқа орналасу тұрғын салу үшін жер телімін рәсімдеу, кәсіпкерлікті дамыту бағытында жеңілдетілген несие алу мәселелерімен жүгінді.

Қабылдауға келгендердің көпшілігі «Аралтұз» акционерлік қоғамына жұмысқа орналасуды сұрады. Осыған сәйкес, аудан басшысы өндіріс орнының директорына тұрғындарды қабылдап, әлеуметтік жағдайларын ескеріп, жұмысқа алу мүмкіндіктерін қарастыру қажеттігін айтты. Ал мұғалім мамандығы бойынша жұмыс сұрай келген тұрғынға сол пән мұғалімінің зейнеткерлікке шыққан уақытында жұмысқа алынатындығы түсіндірілді. Жер телімін алу үшін жүгінген тұрғынға да заңға сәйкес тиімді жолдары жөнінде кеңес берілсе, кәсіпкерлігін дамытуға ниетті тұрғынға да мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау шаралары туралы түсініктеме берілді.

Қабылдау соңында аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселенің тікелей назарында болатындығын айтып, жауапты орынбасары мен кент әкіміне нақты тапсырмалар жүктеді.


Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

20 наурыз 2022 ж. 612 0