Елді мекендердегі егістік және шабындық жерлерді суландыру пысықталды

Аталған ауылдарға жасаған жұмыс сапары барысында жайылымдық және шабындық жерлерді суландыру жағдайы пысықталды.
Ауылдық окургтердің әкімдерімен бірге дария жағасына барып, көлдердің және каналдардың жағдайын көрді. Егістік алқаптарында және алдағы қыс мезгіліне дайындық ретінде мал азығын алдын ала әзірлеу үшін шабындық жерлерде су деңгейінің жеткілікті мөлшерде болуын талқылады.
Бұл мәселелерге сәйкес жергілікті жердегі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, жұмыс барысында ескерілетін болды.
